Jdi na obsah Jdi na menu
 


33. 7нші және 10ыншы авдағы оразалар

צוֹמוֹת שִׁבְעָה וַעֲשָׂרָה בְּאָב

Бұл оразалар Йерушалаим қаласының ойрандалуы мен Йерушалаим ғибадатханасының өртелуінің басы мен соңына естелік ретінде орнатылған.
Ойраңдалу 7нші авда басталып 10ыншы авда аяқталған.
Оныншы ав сондай ақ недава  נְדָבָה  деп те аталады.
Қараимдарда осы үш күн азалы күндер болып есептеледі, әм қараимдар бұл күнде ет жеуден бас тартады және  бейттерге барып марқұм болған туған-туысқандарыны жоқтайды, ал 10ыншы авда (недава*) кенасадағы ғибадаттан кейін, таңтүстің шамасында жұбанышты дұғалар оқып ораза ашады.
 
*) Недава сөзінің мағынасы ерікті садақа деген, сондықтан бұл қүні әм жамағат әм жеке тұлғалар  кедейлерге ет пен ақша береді.